ПОЛИЦЕЙ ПАРАСАТТЫ БОЛУЫ КЕРЕК

Жергілікті полиция қызметінің құрылатындығына қатысты жаңалық қоғамда ерекше пікір туғызды. Жұртшылық оған өздерінің қолдауын көрсетіп жатыр. Дегенмен, айтылатын ұсыныс-пікір, тілектер де аз емес. Сондықтан, бүгін олардың бірқатарын газет бетіне ұсынғанды жөн көрдік.

 

Шетелдік кинолардан «шериф» деген сөзді жиі естиміз. Олар келе жатқанда бұзақылар аяғын жиып, керісінше, халық ерекше құрметпен қарсы алып жатады. Менің ойымша, жергілікті полицияны құру осындай мақсаттан туған.

Сақшылар тұрғындармен қарым-қатынас жасағандарында сабырлылық көрсетуі, парасаттылық танытуы қажет. Жасыратыны жоқ, кейбірде полицейлердің жай сөзге қатқыл тілмен жауап беретінін естігеніңде көңілің пәс болып қалады. Бәрі емес қой, дегенмен олардың арасындағы осындай «мінезділердің» арқасында полицейге қатысты қоғамдық пікір қалыптасып жүр. Мұны жергілікті полицияның басшылары ескерсе деймін.

Мен, әрине, жаңа құрылымның дүниеге келуінен үлкен үміт күтемін. Бұл қоғамдық қауіпсіздік мәселесінде де маңызды.

Е.СЕРҒАЗЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз