ҚҰЖАТ САТЫЛА МА?

Қазақстанда жүргізуші куәлігін автомектептерден сатып алуды доғаратын уақыт жетті. ҚР Жүргізушілер одағының төрағасы Талғат Жаңабаевтың сөзіне қарағанда, кейбір автомектептер жүргізуші куәлігін сатумен айналысады екен. «Маңызды құжатты туған күнге сыйлық ретінде де тарту ететіндер кездеседі. «Ұлым 18-ге толды. Біз оған машина мен жүргізуші куәлігін сыйлағымыз келеді» дейді екен. Мұндай тәжірибе бар. Неге осы жағдаймен күреспеске?» дейді ол.

 

Одақ төрағасының пайымынша, дәл осы жайттың салдарынан, яғни жүргізушілердің біліксіздігінен, әрі тәжірибесінің жоқтығынан жол апаты көбейіп отыр. Керісінше, бұрын жүргізушінің жылына бір-екі рет сынақтан өтуі туралы талап болған. Қазіргі уақытта ол талап қолданылмайды. «Жүргізушілер жол ережелерін қасақана бұзбайды. Өйткені, олар ережені білмейді» дейді ол.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз