АЯННЫҢ «АЙБЫН» ОРДЕНІ

Атырау облысы ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Аян Дүйсембаев жуырда ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Жоғары марапат оған заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз ету кезінде әскери және қызметтік міндетін үлгілі, абыроймен орындағаны және көрсеткен батырлығы мен қайсарлығы үшін беріліп отыр.

Кезінде Аян Атыраудағы тергеушілік қызметін «Атырау» газетіне сұхбат беруден бастаған. Одан соң талай жерде лауазымды қызмет атқарды. Қазір де мұнайлы өңірде құзырлы орган басшыларының бірі. Ол қайда жүрсе де облыстық газетпен байланысын үзген жоқ, байырғы оқырмандарының бірі. Сондықтан, Аян Сәбитұлын бүгінгі марапатымен сүйікті басылымы атынан да құттықтауды жөн көрдік.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз