ӘСКЕРИЛЕР МЕН ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУШЫЛАР

зейнетақыcы туралы

«Мен құқық қорғау құрылымында қызмет етушімін және жақын арада еңбек сіңірген жылдарым бойынша зейнетке шығуды жоспарлап жүрмін. «Келесі жылдың 1-ші қаңтарынан бастап зейнетақы заңына әскери қызметкерлерге және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты өзгерістер енгізіледі» деген сыбыс бар. Расында да солай ма? Және біздің зейнетақы жинағымызды пайдалану мүмкіндігіміз сақтала ма?»

 

Гүлнәзира Мұхтарова,

Атырау облысы ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің бастығы, полиция полковнигі.

 

«Halyk Life» АҚ Атырау филиалының директоры Гүлнар Жұматова оқырман сұрағына былай деп жауап береді:

– Иә, рас, «ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның жаңа редакциясына сәйкес, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап әскери қызметкерлерге және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты бірқатар маңызды өзгерістер енгізу көзделіп отыр. Әлеуетті құрылым қызметкерлерін толықтай мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыруға ауыстыру қаралуда. Зейнетақы мөлшері еңбек сіңірген жылдарына және қызметтен босату кезіндегі ақшалай қаражатқа байланысты есептелетін болады.      

Бір мезгілде мемлекеттік бюджеттен әлеуетті құрылым қызметкерлерінің ақшалай қаражаттарынан 20 пайыз міндетті зейнетақы жарналарын ай сайын БЗЖҚ-ға аудару жойылады. Одан бөлек мемлекет бұрын аударған әлеуетті құрылым қызметкерлерінің (зейнеткерлік жасқа жетпеген) міндетті зейнетақы жарналарының 50 пайызы мемлекет бюджетіне қайтарылады.   

Зейнетақы жинақтарының қалған 52 пайызы өмірді сақтандыру жөніндегі компаниялардың біріне аударылмаған болса, БЗЖҚ-ның тыйым салынған шоттарында болады.  әскери қызметкерлер және құқық қорғау органдарының қызметкерлері бұл қаржыны зейнетке шығатын жасқа (ерлер үшін бұл 63 жасты құрайды) жеткен соң ғана алатын болады.

Дегенмен, бұл жинақтарды зейнет жасын күтпей-ақ  ала бастауға мүмкіндік бар. Ол үшін 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін «Halyk Life» АҚ ұсынатын «Зейнетақы жинақтарын пайдалану арқылы мерзімді зейнетақы аннуитеті» қызметін пайдаланып үлгеру қажет.

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық әскери қызметкерлер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері толықтай мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыруға өтетінін білетін жағдайда, «Halyk Life» АҚ ұсынатын шарттар кірісіңізге қомақты үстеме ақша болмақ.

Тек есте сақтаңыз, аталған қызметті 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін ғана пайдалану мүмкіндігіңіз бар. Себебі, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбек сіңірген зейнеткердің зейнетақы аннуитеті шартын жасасуға және сақтандыру төлемдерін алуға мүмкіндігі болмайды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз