АРАҚТЫ ҚЫМЫЗҒА АЛМАСТЫРДЫ

«Ащы суға» жақын жүретіндерге қарсы қызықты амал табылды. Қазақтың белгілі кәсіпкері Бауыржан Оспанов өзінің туған ауылы Алматы облысы, Алакөл ауданы, Жыланды ауылының тұрғындарына тегін қымыз таратып, ішімдік саудасын тоқтатты. Бұл шараның қасиетті Ораза айы тұсында қолға алынуы өте оңды болды.

 

 Кәсіпкер қайырымдылық шарасын ішімдікке қарсы көп сөзден емес, нақты істен бастайды. Ол сауынға 20 құлынды бие алғызады. Оны күнде сауып, қымызын халыққа тегін жеткізіп тұратын жүйе жасақтайды. Қымыздан өзге өнімдер де жасалады.

 Кәсіпкердің бұл ісіне алғашқыда көп адам күдікпен қараған. Алайда, оның тиімділігі аз күндердің өзінде байқала бастапты. Бұрын ішімдіктен аузы құрғамайтын кейбір жандар қымыздың дәмін алғаннан соң «бұрынғы достарымен» қоштаса бастаған көрінеді.

Тағы бір ерекшелігі, атақты жерлестерінің спортқа жақын жүруі де жергілікті жастардың салауатты өмір салтын  ұстануына ықпал ете түсіпті. Сонымен қатар, Бауыржан Оспановтың тың бастамасы негізінде  жұмыссыз жүрген сауыншылар мен жұмысшылар қызмет тауып, нәпақасын айырып отыр.

Осынау тың бастама барлық жерде де қолдау тапса, қанекей…

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз