ШҰҒЫЛ! Қазақстанда көлік салығына байланысты жаңа тәртіп енгізілді

atr.kz/23 қыркүйек, 2020 жыл. Әлдеқашан сатылып кеткен көлік қайта рәсімделмесе, оның салығын бұрынғы иесі төлейді. Келіп түскен шағымдардың талдауы көрсеткендей, азаматтар сатқан көлік құралдары көбіне уәкілетті органның тіркеу есебінен шығарылмаған немесе қайта рәсімделмеген. Бұл ретте аталған көлік құралына салық төлеу міндеті салық заңнамасы бойынша осы азаматтарда қалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап. […]

Continue Reading

Атырауда «Сергек» камераларының нақты қай жерлерде жұмыс істеп тұрғаны белгілі болды

atr.kz/16 қыркүйек, 2020 жыл. Аталған камера іске қосылған уақыттан кейін бір тəулік ішінде 300-ден астам жол ережесін бұзу дерегі анықталды. Қыркүйектің онынан бастап Атырауда «Сергек» бейнебақылау жүйесі іске қосылды. Бұл камералар жолдардың 153 желілік учаскесінде және 51 қиылысында орнатылған. Облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиевтің айтуынша, «Сергек» бұрын орнатылған бейнекамералармен біріктірілген. Соның арқасында тəртіп сақшылары […]

Continue Reading

АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ: ЗАҢСЫЗ ЖОЛМЕН «ЖАЛҒАН» ҚҰЖАТТАРДАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!

Atr.kz/4 қыркүйек, 2020 жыл. Әлеуметтік желілерде «Әскери билет пен жүргізуші куәлігін жасап беремін» деген хабарламалар таралуда. Қызмет тегін емес. Хабарламаны көрген «Адалдық алаңы» жобалық кеңсе өкілдері тұрғындарды алаяқтықтың құрығына түсіп, сан соғып қалмауға шақырады. Өзін біресе Ресейлік, біресе Астаналықпын деп таныстырған Заур есімді азамат Отан алдындағы борышын өтемей-ақ әскери билетке ие болудың оңай жолын ұсынған. […]

Continue Reading

Атырауда Әли Оқаповтың тойын ұйымдастырғандарға 83 мың теңге айыппұл салынды

Atr.kz/3 қыркүйек, 2020 жыл. Шараны ұйымдастырған атыраулық тұрғындар аймақтың бас мемлекеттік санитариялық дәрігер қаулысына пысқырып та қарамаған. Нәтижесінде, тиісті хаттама толтырылып, 30 АЕК есебінде айыппұл белгіленді. Айта кетейік, еліміздің Халық әртісі Роза Рымбаеваның үлкен ұлы үйленіп, той Атырауда өткен еді. Аман ШАМАР

Continue Reading

Атырауда «Құдай өзі кешірсін» деп тірі нәрестені тоңазытқышқа салған дәрігерлер ісі қайта қаралды

Atr.kz/3 қыркүйек, 2020 жыл. Сот процесі кезінде Атыраудың перинаталдық орталығында сәбиді өлтіру туралы жаңа фактілер жарияланды. Сотта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің ерекше маңызды істер жөніндегі тергеушісі Асқарбек Ермұқашев куәгер ретінде жауап алынды. Қайғылы оқиға 2019 жылдың 29 қыркүйегінде болды. Сол күні Атыраудың перинаталдық орталығында нәресте дүниеге келді, ол босанғаннан кейін бірден өмір белгілері байқалмады. Бала […]

Continue Reading

Теріс діни ағым өкілдері шетелдіктен ақша бопсалаған

Atr.kz/3 қыркүйек, 2020 жыл. Атырауда шетел азаматынан 500 мың теңге бопсалаған теріс діни ағым өкілдері ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, қаланың екі тұрғыны 24 тамызда Өзбекстан Республикасының азаматына күш қолданып, 500 мың теңге ақша талап еткен. «Шетел азаматы күш көрсетушілердің қолынан босап шыққан бойда полиция қызметкерлеріне арызданған. Полицейлер Ұлттық қауіпсіздік […]

Continue Reading