17 тамызға дейін сұлулық салондары, бассейндер мен фитнес орталықтарының жұмысына тыйым салынады

Atr.kz/3 тамыз, 2020 жыл. Атырау облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, аймақтағы карантин режимі 17 тамызға дейін ұзартылды. – Облыстық Бас мемлекеитік санитарлық дәрігердің жаңа Қаулысына сәйкес, СПА орталықтары, жаттығу залдары, фитнес орталықтары, спорттық –сауықтыру орталықтары, бассейн, қоғамдық монша, сауна, сұлулық салондары, шаштараз, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін, маникюр, педикюр қызметін көрсететін орталықтар мен […]

Continue Reading

Атырауда саябақтар мен демалыс орындарына баруға тыйым салынды

Atr.kz/3 тамыз, 2020 жыл. Бұл туралы ӨКҚ-нің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте белгілі болды, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. -Тұрғындардың саябақтарға, алаңдарға және скверлерге, жағалауларға, басқа да демалыс орындарына баруына тыйым салынады. Бұдан бөлек, көшеде 3 адамнан артық топтасып жүруге болмайды. 65 жастан асқан адамдардың қозғалысына шектеу қойылған, – деді Жанар Досымбаева.

Continue Reading

Медициналық маска тағу міндеттелді

Atr.kz/3 тамыз, 2020 жыл. Атырау облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, өңірдегі карантин режимі 17 тамызға дейін ұзартылды. Бұл туралы ӨКҚ-нің баспасөз орталығында өткен онлайн-брифингте облыстық Бас санитарлық дәрігердің орынбасары Жанар Досымбаева мәлімдеді.  – Тұрғындарға қоғамдық орындарда, халықтың келуіне, қызмет көрсетуіне және демалуына арналған ғимараттарда, ашық ауада медициналық немесе мата бетперделерін кию міндетті болып […]

Continue Reading

Демеушілік көмек жасырылған жоқ

Atr.kz/2 тамыз, 2020 жыл. Атырау облысына жеткізілген демеушілік көмектер қоймаға жасырылған жоқ. Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 25 маусымда «АТМА – Аэропорт Атырау» АҚ тарапынан берілген демеушілік көмек 17 шілде күні облыстағы емдеу мекемелеріне толық таратылған. Бұл мәселе Атырау облысы әкімінің тікелей бақылауында. Ішкі қызметтік тексеріс жүргізілуде, жұмысына салғырт қарау дерегі анықталған жағдайда жауапты тұлға […]

Continue Reading

Атырау облысының әкімі қоймадағы дәрі-дәрмектердің тұрақтандыру қорын қарап шықты

Atr.kz/1 тамыз, 2020 жыл. Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды тұрақтандыру қорының қоймасын қарап шықты, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. Атырау облысы әкімдігі дәрі-дәрмектер мен медициналық заттардың қорын құрған болатын. Осы мақсатта «Атырау» ӘКК Атырау облысындағы ең ірі дистрибьютор компаниямен арнайы меморандум жасап, жыл соңына дейін 4 миллион 800 мың орама […]

Continue Reading

Құрбан айт кезіндегі карантиндік шаралар қалай сақталуда?

Atr.kz/31 шілде, 2020 жыл. Атырау полицейлері Құрбан айт кезінде карантиндік шаралардың сақталуын қадағалауда.  Атырау облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері орынбасарының  28.07.2020 жылғы №58 Қаулысына сәйкес, Атырау қаласына кіре берістерде қала аумағына құрбандыққа шалынатын  ірі және уақ малды әкелуді болдырмау бойынша  Атырау-Астрахань тас жолыныңҚара өзек, Атырау-Орал тас жолының Береке ауылы,  Атырау -Доссор тас жолының телемұнара, Атырау-Индер тас […]

Continue Reading