Атырауда индерлік ауылдардың бірі енді Қызылқоға ауданына қарайтын болады

Бұқар – аудан орталығынан 110 шақырым қашықтықта шалғай жатқан шағын ауыл. Заманында Жарсуат округіндегі «Жамбыл» кеңшарының фермасы болған ауылда бүгінде 12 үй 53 тұрғын бар. Электр жарығы мен табиғи газ, телефон сынды инфрақұрылым мен ауыз су желісі он екі шақырым жердегі Қарабау ауылынан тартылыпты. Осы орайда айта кетейік, ұзақ жыл Жарсуат ауылдық округіне бағынышты Бұқар […]

Continue Reading

Атырауда аудан күндері өтіп, жәрмеңке ұйымдастырылады

Құрметті қала тұрғындарымен қонақтары! Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен биыл 19 қаңтар мен 3 наурыз аралығында сенбі сайын «Әр ауданның күндері» өтеді. Осыған орай, бұл күні жәрмеңке ұйымдастырылады. Мұнда аймаққа қарасты аудандардың тауар өндірушілері өз өнімдерін тұрғындарға қолжетімді бағамен ұсынатын болады. Жәрмеңке кестесі: 19 қаңтар – Жылыой ауданы 26 қаңтар – Индер ауданы 2 ақпан – […]

Continue Reading

Индер ауданын енді Мейірім Қалауи басқарады

Облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы Ноғаев жұмыс сапарымен Индер ауданында болып, аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Мейірім Қалауиды Индер ауданының әкімі етіп тағайындады. Аудан активімен кездескен облыс басшысы осы уақытқа дейін аудан әкімі болған Серік Бисешұлы Арыстанның атқарған жұмыстарына алғыс білдіріп, Индер ауданында көптеген жұмыстар атқарылғанына тоқталды. Сонымен қатар жаңа әкімнің өмірбаянымен таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі. Бұған […]

Continue Reading

Жаңа дүкен – жұрт игілігіне!

Исатай ауданының орталығы Аққыстау ауылының  «Атырау-Астрахан» тасжолының оңтүстік жақ бетінде орналасқан мөлтекауданында жаңадан дүкен ашылды. Аққыстаулық кәсіпкер Ұлжалғас Жолдасова алдымен «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының аудандық филиалы жанынан құрылған «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша бір айлық курста оқып, кәсіпкерліктің алғашқы әліппесін меңгерді. Сосын «Исатай» несие серіктестігінен алған несиеге дүкенге қажетті құрал-жабдықтар мен тауарлар сатып алған. Қазір аралас дүкенінде қолжетімді […]

Continue Reading

«Үздік балабақша тәрбиешісі» кім?

Жақында «SKILLS AKADEMY» мекемесі мен Martebe.kz ақпараттық білім порталы біріге отырып, «Үздік балабақша тәрбиешісі» ІІІ республикалық байқауын жариялаған болатын. Ондағы мақсат – тәрбиешілердің кәсіби шеберлігін арттырып, бала тәрбиесіндегі тәрбиешілердің алатын орны мен маңызын насихаттау, балабақша қызметкерлерінің шығармашылық ізденісі мен қабілетін дамыту. Аталмыш байқауда Сағыз ауылдық округіндегі «Ақбота» санаторлық бөбекжай балабақшасының І санатты тәрбиешісі Күміскүл Жұбатова […]

Continue Reading

Мал өсіруге мүмкіндік мол

Махамбет ауданында 1863 шағын және орта бизнес субьектісі бар. Оның 482-сі ауылшаруашылық және қалғаны түрлі қызмет көрсетеді. Былтыр ғана 96 жобаға 628 миллион теңге қаржы бөлінген. Кәсіпкерлердің күшімен аудан мен облыс орталығы бағытында автобус желісі іске қосылуда. Мұнда несие алушылар қатары да облыс бойынша оқ бойы озып тұр. Салалық «Сыбаға» бағдарламасы аясында сырттан 4 пайыз […]

Continue Reading