Астана күні қарсаңында Атырауда оқушылар мен жастар сарайы пайдалануға берілді (+ВИДЕО)

Atr.kz / 5 шілде, 2020 жыл. Өңірде жаңадан ашылған Оқушылар және жастар сарайында 200-ден аса мұғалім жұмыс істейтін болады. «Шеврон» компаниясының демеушілігімен салынған Оқушылар мен жастар сарайы пайдалануға берілді. Аумағы 18 833 ш.м. құрайтын аталмыш ғимараттың құрылысы 2018 жылы басталып, белгіленген мерзімде аяқталып отыр. Ғимарат астыңғы қабаттан бөлек, 4 қабаттан тұрады. Мұнда шығармашылық қызметтің барлық […]

Continue Reading

Елбасына арнап ескерткіш ашылды (+ФОТО)

Atr.kz/3 шілде, 2020 жыл. Мемлекет басшысы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған монументтің ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ақорда. Қасым-Жомарт Тоқаев онлайн режимде Ұлттық қорғаныс университетіндегі Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа арналған монументтің ашылу рәсіміне қатысты. Президент өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаевтың қазіргі Қазақстанның негізін қалағанын, егемен еліміздің стратегиялық даму жолын айқындап, халқымызды ортақ […]

Continue Reading

Атыраулықтар дәрігерлерге түскі ас таратып жатыр

Atr.kz/2 шілде, 2020 жыл. Атырауда «KomekAtyrau» қоғамдық бірлестігі дәрігерлерге күнделікті тегін 100 ыстық тамақ жеткізуде. Адам жанының арашасы болған жандардың көңілін ауламақ ниетте жасалған игі іске атыраулықтар мен жергілікті кәсіпкерлер қолдау көрсетіп, қаражат жинаған. Бүгінде ұйымдастырылған акция аясында 650 медицина қызметкеріне ыстық тамақ берілді. Қайырымдылық шараға мұрындық болған «KomekAtyrau» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Еркебұлан Серікқалиевтің айтуынша, […]

Continue Reading

Атырауда дәрігерлер онлайн кеңес береді

Atr.kz/1 шілде, 2020 жыл. Коронавирустың жеңіл түріне және вирустық инфекцияларға шалдыққан науқастарға үйден емделуге қатысты білікті дәрігер мамандар кеңестер береді, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. -COVID-19 инфекциясының күшеюіне байланысты, науқастарға 24 сағат бойы онлайн режимде консультациялық көмек көрсетілмек. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің тапсырмасымен біз тәжірибелі медицина мамандарын жұмылдыра отырып, call-орталық ашып отырмыз. Осы […]

Continue Reading

Атырауда шетелдік жүк көлігі отқа оранды

Atr.kz/1 шілде, 2020 жыл. Атырау облысында шетелдік жүк көлігі өртеніп кетті. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға бүгін, 1 шілдеде сағат 01:43-те болған. «Департаменттің диспетчерлік қызмет пультіне Махамбет ауданындағы Тандай ауылынан 6 шақырым жерде автокөліктің өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткен кезде «Renault Magnum 440» маркалы фураның кабинасы […]

Continue Reading

Атырауда «Жасыл елдің» жаңа маусымы басталады

Atr.kz/30 маусым, 2020 жыл. Атырау облысында 10 шілдеден бастап «Жасыл ел» еңбек жасағының жаңа маусымы басталады, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. Облыс бойынша биылғы еңбек маусымында мың жас жұмыспен қамтылмақ. Оның үш жүзі қала басында болады. Ал, әр ауданда жүз сарбаз жұмыс істейді. «Жасыл Ел» жастар жасағының облыстық жетекшісі  Абылай Құрметұлының айтуынша, бүгінде аймақтың […]

Continue Reading