ОТАН ҮШІН ЖАН ҚИҒАН БОЗДАҚТАР

Ұлы Отан соғысында да фашизмге қарсы қазақстандықтар асқан батырлық танытқандығы барлығымызға мәлім. Отанды неміс-фашист басқыншыларынан қорғауға ойланбастан ағайынды Алмас пен Жолдас Құрманғалиевтар да аттанды. Ағайынды Алмас пен Жолдас қасиетті Отанды батырлық пен жанқиярлықпен қорғап, келер ұрпақтың тыныштығы үшін соғысты. Құрманғалиев Алмас 1943 жылдың суық ақпанында соғыс алаңында ерлікпен қаза тапса, Құрманғалиев Жолдас Ленинград облысы, Полавский ауданы, Ивашево селосы үшін шайқаста 1942 жылы 10 желтоқсанда ерлікпен оққа ұшты.

Continue Reading

АДАМДЫҚТАН АЛАСАРМАҒАН ЕДІ…

«Ғибатолла ұстазымдай болсам-ау» деген арман менің мұғалімдік мамандық таңдауыма және қара домбыраны ажырамас серік қылуыма себеп болды. Елу жылға жуық ұстаз болсам да, шәкірттеріне Ғибекеңдей сөзі өтімді, соншалық беделді мұғалімді әлі кездестірген емеспін. Ол құм ішінде туса да, бойына энциклопедиялық білім жинаған, өлке өнерінің аспанында жосылған жолақ қалдырған, бар-жоғы 35 жыл өмір сүрсе де, ғасыр жасаған адамның ісін тындырып, артына өшпес із қалдырған ерекше жан еді. 

Continue Reading

ЖЕҢІС ТУЫН ЖЕЛБІРЕТКЕНДЕР

Тарихтың ақтаңдақ беттерінде жазылған Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 жыл толуына орай «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы  облыстық филиалында Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Оған партия мүшелерімен қатар, политехникалық колледж студенттері де қатысты. Шара қатысушылары ардагерлерден майдан жылдарындағы кезең туралы мол мағлұмат білді.

Continue Reading

ЖЫЛЫОЙДАҒЫ «ЖЕҢІС САЯБАҒЫ»

онда  «Мәңгі  алау»  мемориалдық  кешені  орналасқан

Ұлы Отан соғысына Жылыой ауданынан 5000-ға жуық жауынгер аттанса, оның 3163-і елге оралмады. Майданда қан кешіп, жан тапсырған жерлестерімізге арналған орталықтағы мемориалдық кешен ескіріп, тұрғындарға тарлық ететін. Ондағы орнатылған тақтаға соғыстан оралмаған кейбір боздақтардың есімдері енбеген еді. Енді, міне, сол аталарымызға арналған мемориалдық кешен қайта жаңартылды. Аудан әкімі Мақсым Ізбасов осы үлкен бастаманы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында қолға алып, «Мәңгі алау» кешенін қайта жаңғыртты. Соғыс құрбандарын мәңгі есте сақтау мақсатында қойылған және қала тұрғындары үшін демалыс орны болатын осы кешен «Жеңіс саябағы» деп аталды.

Continue Reading

ҚАРТТАРДЫҢ ҚУАНҒАНЫ ҚАНДАЙ БАҚЫТ!

«Каспий құбыр консорциумы – Қазақстан» (КҚК-Қ) акционерлік қоғамы Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен қоғамның әлсіз топтарына әркез қамқорлық танытумен келеді. Ұлы Жеңістің жетпіс жылдығы қарсаңында да, Атырау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті ұйымдастырған мерекелік салтанатқа мекеме басшылығы демеушілік танытып, қала ардагерлеріне арнап ақ дастархан жайды.

Continue Reading