Жас кәсіпкерлер хакатоны

destacada Экономика

Облыстық ішкі саясат басқармасының «Азаматтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен хакатон шарасы өтті.

destacada

Хакатон – бағдарламалық қамсыздандыруды жасақтаудың әртүрлі салаларынан жиналған мамандардың түйінді мәселені шешу мақсатында бірігіп жұмыс істеу үшін өткізілетін шара. Оны ұйымдастырудың басты мақсаты – 16 мен 25 жас аралығындағы жастар арасында кәсіпкерлікті танымал ету, олардың шағын және орта бизнестік, презентациялық, сондай-ақ, бизнес-идеяларды генерациялау дағдыларын дамыту.

Аталған басқосуға қатысқан қаланың жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері, кәсіпорындардың жұмысшы жастары Атыраудың бірқатар әлеуметтік проблемаларын шешу жолдарын көздеген бизнес-идеяларын ұйымдастырушылар назарына ұсынды. Мәселен, қала мектептерінің оқушылары мен балабақшаларының тәрбиеленушілерін кәсіби жүргізушісі бар қауіпсіз автокөлікпен тасымалдайтын арнайы компания құру,  тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды өңдеу жолымен органикалық материалдар негізінде экологиялық таза отын алу сияқты тың жобалар да болды.

Еркін форматта өткен шара барысында қатысушылар тәжірибелі кәсіпкерлердің кеңесін алды. Өз бизнестерін табысты өркендетудің, командамен жұмыс жүргізу тетіктеріне қажетті құнды мағлұматтар жинақтады. Хакатонға қатысушы жас кәсіпкерлерге арнайы сертификаттар табысталды.

 

Бақытжан Хамитұлы

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз