«N&K клиникасында» білікті мамандар қызмет етеді

img 20210210 wa0027 Экономика

Назымгүл Меңдешева – жоғары санатты акушер-гинеколог. 20 жылдан астам жалпы дәрігерлік тәжірибесі бар. Қазіргі уақытта Атырау қаласындағы перзентханада жұмыс істейді. Ол – дәрігерлікпен бірге кәсіпті де алып жүрген іскер маманның бірі.

               Өзіне жақсы таныс салада істің көзін тапқан Назымгүл Меңдешованың айтуынша, кәсіп бастауға көпжылдық тәжірибесі себеп болған.

img 20210209 wa0005
  •  – Күнделікті бір қызметпен айналыссаң, әбден маманы болып аласың ғой. Көп үйренулер тәжірибе арқылы келеді. Жұмыстан бос уақытымда да жүкті аналар жиі мазалап, телефон соға беретін болды. Содан кейін олардың да, өзімнің де уақытыма ыңғайлы клиника ашуды ойластырдым. Сөйтіп, арманымды айып «Даму» қорына бардым. Ол жерде білікті мамандар бизнес-жоспар құруда кеңестер берді. Есептеулерден, жоспар құрудан көптеген көмектер алдым. Мемлекеттің қолдауының арқасында қазір өз кәсібімді бастағаныма қуанамын, – дейді Назымгүл Меңдешева.

               Бүгінгі күні «N&K клиникасында» жоғары білікті мамандар жұмыс істейді. Атап айтқанда, бедеулікті, гормоналды бұзылуларды емдеу, жүктілік кезінде кеңес беру, ультрадыбыстық және басқа да зерттеу түрлері жүргізіледі.

Анықтама: «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасының 2-ші бағыты аясында  «Клиника N&K» ЖК старт-ап жобасын бастады. Назымгүл Меңдешеваның жобасы Атырау қаласындағы «Сбербанк» АҚ ЕБ жылдық 14% сыйақы мөлшерлемесімен қолдауға ие болып, оның 8% мемлекет тарапынан, ал 6% кәсіпкермен субсидияланады. Сондай-ақ, «Даму» қорының кепілдік құралы есебінен кепілзатпен қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Қор кепілдігі несие құнының 85% құрады.

               Болашақта «N&K Clinic» консультациялық-диагностикалық қызметтердің тізбесін заманауи жабдықтармен кеңейтуге, клиенттік базасын жаңартуға және болашақ аналардың денсаулығына қамқорлық жасауға жоспарлауда.

Мекен-жайы: Атырау қаласы Шагала мөлтегі, 2 . 1-уй

Инстаграм: nk_klinicasy

Тел:87010621110       

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз