АТЫРАУДА КӘСІПКЕРЛЕР ҮЗДІК ИДЕЯ ҮШІН ГРАНТ КОНКУРСЫНА ТҮСТІ

whatsapp image 2021 09 23 at 16.47.21 Бизнес

«Бизнестің жол картасы-2025» кәсіпкерлерді қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы  шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру туралы конкурстық комиссия отырысы өтті»,-деп хабарлайды atr.kz Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде облыстық Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Қаныш Мәмбетов іс-шараның мақсатын айтып өтті.

whatsapp image 2021 09 23 at 16.47.25 2

«Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру 2013 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Мемлекеттік бағдарламаның негізгі мақсаты – жаңа жұмыс орындарын құру мен бизнес идеяларды іске асыру. Ал, биыл аталған мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 170 миллион теңге көлемінде қаражат қарастырылды»,-деген Қ.Мәмбетов, осы жылдың 14-22 қыркүйек аралығында кәсіпкерлік субъектілерінен құжат қабылдау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 206 кәсіпкерлерден өтінім тіркелгенін мәлімдеді.
Конкурсқа қатысушы жылыойлық Айзада Қалуова кәсібін дамыту үшін байқауға қатысқанын жеткізді.
«Мен тіс дәрігерімін. Аудандағы тіс емханаларында мен сұраныс беріп отырған арнайы құрылғы жоқ. Мұндай стоматологиялық микроскоппен тісті 25 есе үлкейтіп көрсетуге мүмкіндік бар. Құралға қол жеткізсем аудан тұрғындары Атырау қаласына барып, уақыттарын жоғалтпас еді. Сондықтан, тіс емдеуге аса қажетті АҚШ-тың арнайы құралын алуға мемлекет тарапынан қолдау күтемін»,-деді ол.
Индерлік Анар Ілиясова жоңышқа сортын өсіруге ниетті. Ол үшін 20 гектар жер де алып қойғанын, тек тұқым мен арнайы құрал-жабдықтар алу үшін қолдау сұрайтынын жеткізді.

whatsapp image 2021 09 23 at 16.47.25


Осылайша, бірі үй құстарын өсіру, бірі тігін ісін ашу, енді бірі қосалқы білім беру, тағы басқа да халықтың сұранысына ие кәсіптерін жүргізуге талпынған 19 кәсіпкер конкурсқа қатысты.
Айта кету керек, 2013-2020 жылдар аралығында 221,9 млн. теңге қаражат бөлініп, 252 жұмыс орны құрылуымен 116 кәсіпкердің жобасына мемлекеттік грант берілген.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз