Жарнама
Білім

Жемісті еңбек, даңқты белес, сенімді келешек

Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында білім мен ғылымның мерейін асырып, руханият пен өркендеудің ордасына айналған Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 85 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті.


Мерекелік басқосуға облыс әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов, университеттің ардагер ұстаздары мен түлектері, білім саласының майталмандары және жастар қауымы қатысты.
Салтанатты жиын барысында құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары университеттің өңір дамуына қосқан зор үлесін ерекше атап өтті.


–Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті – білім мен ғылымның алтын ұясы. Университет өңірдің ұл-қыздарына білім беріп отырған оқу орны ғана емес, бұл – ғасырға жуық тарихы бар қасиетті қара шаңырақ. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті атауы өңірдегі мәдениет пен әлебиет, тіл мен дін, ұлттық руханият, спорт жетістіктерімен астасып жатыр. Университет мерейтойы — бұл өңірдің мерейтойы! — деді Дарын Дүйсенбайұлы.

Жиын барысында университет ректоры Саламат Идрисовке Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хаты және білім ордасының бірқатар қызметкеріне облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хат табыс етілді.


Мерекелік жиында университеттің профессор-оқытушылары, еңбек ардагерлері мен жас ғалымдары «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін», «Еңбек ардагері», «Ахмет Байтұрсынұлы», «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгілері мен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Тіл жанашыры», «Ғылым үздігі» құрмет дипломдары, Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ тарихы 1940 жылдан бастау алатын білім ордасының өткені мен даму жолына арналған бейнебаян көрсетілді.

Кештің кезекті бөлімі өнер мен білімді ұштастырған ерекше атмосферада өтті. Театр әртістері мен өңір өнерпаздарының концерттік бағдарламасы мерейтой ажарын айшықтай түсті.
85 жыл – тарих таразысындағы үлкен белес. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті бұл межеге табыспен жетіп, келешекке нық қадам басып отыр.

Мәлике ҚУАНЫШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button