ҮЗДІКТЕР – ҚАЛА ӘКІМІ ҚАБЫЛДАУЫНДА

Биыл Атырау қаласы бойынша 1855 түлек орта мектепті бітірді. Қалалық білім бөлімінің басшысы Нұрсәуле Сайлауованың айтуынша, соның ішінде 1451 оқушы Ұлттық бірың-ғай тестілеуде 11 жыл алған білімін сарапқа салмақ. «Алтын белгіге» үміткерлер саны 23 болса, 15-і «Үздік аттестат» иегері атануға талаптануда. Ал, 12 атыраулық жас түлек халықаралық ғылыми жобалар байқауларының жүлдегерлері болғандықтан, ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес Ұлттық бірыңғай тестілеуден босатылып отыр.

Түлектердің білім сынағы қарсаңында Атырау қаласының әкімі Нұрлыбек Ожаев атыраулық дарынды балаларды қабылдап, сәттілік тіледі.

– «Алтын белгі» мен «Үздік аттестат» үміткерлеріне сәттілік тілеймін. Мемлекет сіздерге сапалы білім алу үшін барлық жағдай жасауда. Осыны әрқашан ұмытпай, ел игілігіне еңбек етуге тырысыңыздар, – деді шаһар басшысы Нұрлыбек Жұмахметұлы.

Айта кетсек, атыраулық түлектер маусым айының 2-сі, 4-і және 6-сы күндері үш лекте Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде базалық филиалда тестілеуден өтетін болады.

Кездесу барысында «Алтын белгіге» үміткер №34 мектеп-гимназиясының түлегі Әлішер Қайырболатов, Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында өткен халықаралық ғылыми жоба сайысында жүлдегер атанған Абай атындағы №15 орта мектептің түлегі Таң-сұлу Тұрдалиева, «Үздік аттестатқа» үміткерлер А.Пушкин атындағы №20 орта мектептің түлегі Алина Твердохлеб пен №8 орта мектептің оқушысы Виолетта Добрая сөз алып, қала басшысына білдірген сенімі үшін алғыс айтты.

Шара соңында үздік түлектер қала әкімінің арнайы ескерткіш сыйлықтарымен марапатталды.

Айгүл ЕРТІЛЕУ.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз