Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
Жарнама
Білім

Ваучерлік жүйе: Атырауда балабақша кезегінде қандай өзгеріс бар?

Атырау қаласында ваучерлік қаржыландырудың пилоттық жобасы жүзеге асуда. Жобаға 171 балабақша – 47 мемлекеттік және 124 жекеменшік мекеме қатысып жатыр, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникация қызметі.

Ваучерлік жүйе енгізілгеннен кейін 1–6 жас аралығындағы балалар кезегі 17 211-ден 6 381-ге дейін қысқарған. Ал 2–6 жас санатында 140 бала ғана кезекте тұр.

Облыстық білім беру басқармасының бас маманы Гүлсім Жұмабаеваның айтуынша, қабылдау және жолдама беру процесі толықтай INDIGO платформасы арқылы цифрландырылған.

–Бұл жүйе кезектіліктің ашықтығын қамтамасыз етіп, балабақшалар арасындағы жүктемені тиімді бөлуге мүмкіндік берді. Кезекті азайту мақсатында 970 орындық алты жаңа балабақша салынды. Сонымен бірге жекеменшік 13 балабақшада 841 орынға мемлекеттік тапсырыс берілді, — деді ол.

Шілдеден бері Атырау қаласы бойынша 31 325 ваучер берілген. Нәтижесінде 6 мыңға жуық бүлдіршін балабақшаға орналастырылды. Сонымен қатар 11 мың ваучердің мерзімі өткен, 978-і ата-аналар тарапынан кері қайтарылған, ал тағы 13 мыңға жуығы жойылған. Қазір 91 ваучер ата-аналардың растауында, 157 бала қабылдауды, 244 ата-ана балабақша таңдауды күтіп отыр. Еске салайық, ваучерлер 2 жастан асқан балаларға беріледі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button