Жарнама
Білім

UTEBAYEV UNIVERSITY AI-Sana Ceremony форумында үздік жоба иегері атанды

Бүгін Астанада Стратегиялық серіктестер форумы аясында AI-Sana Ceremony салтанатты іс-шарасы өтті. Бұл форум жасанды интеллект саласындағы үздік жобаларды таныстырып, білім беру, бизнес және технология салаларындағы серіктестікті нығайтуға бағытталған маңызды алаң болды.

Іс-шара барысында жасанды интеллект бағытындағы үздік бастамалар марапатталып, AI-Sana Academy таныстырылды. Форум жұмысына еліміздің жетекші жоғары оқу орындары мен ірі компаниялардың өкілдері қатысты.

UTEBAYEV UNIVERSITY делегациясы форум жұмысына белсенді қатысып, тәжірибе алмасу, инновациялық идеяларды талқылау және жаңа серіктестік бағыттарын дамыту жөнінде маңызды келіссөздер жүргізді.

Форумның ең әсерлі сәттерінің бірі — UTEBAYEV UNIVERSITY әзірлеген “AIHub – интеллектуалды платформасы” жобасының «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ “Демеуші таңдауы” номинациясы бойынша жеңімпаз атануы болды.
Марапатты «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ атынан өндірістік және қолданбалы жүйелерді қолдау департаментінің директоры Айтуар Сырымбетұлы Кабдулин табыстады.

Форумда университеттің инновациялық жобасы — «Edu Data Insight» интеллектуалды талдау платформасы көпшіліктің назарын аударды. Бұл жоба жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып, академиялық деректерді талдау және шешім қабылдау процесін оңтайландыруға бағытталған. Платформа студенттерге оқу үлгерімін бақылауға арналған жеке дашбордтар ұсынса, әкімшілікке тәуекел тобына жататын студенттерді анықтауға, оқу бағдарламаларының тиімділігін бағалауға және деректерге негізделген стратегиялық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

⁃   Бұл марапат — UTEBAYEV UNIVERSITY ұжымының цифрлық трансформация мен жасанды интеллект саласындағы жүйелі еңбегінің айқын нәтижесі. Алдағы уақытта да еліміздің зияткерлік әлеуетін арттыруға, инновациялық экожүйе қалыптастыруға және заманауи технологияларды оқу үдерісіне енгізуге бағытталған жұмыстарды жоспарлап отырмыз,-деп атап өтті университет ректоры Гүлзада Шакуликова. 

Айта кетейік, жоғары оқу орнында AI Hub орталығы ашылып, жасанды интеллект бағытындағы жобаларды әзірлеу, студенттер мен оқытушылардың зерттеу жұмыстарын қолдау және заманауи цифрлық шешімдерді енгізу алаңына айналды. AI Hub базасында студенттер мен жас зерттеушілер нақты өндірістік міндеттерді шешуге бағытталған жобалармен айналысып, тәжірибелік дағдыларын жетілдіруде.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button