ТАРИХЫ ТЕРЕҢ АЛТЫН ҰЯ

«Оқу инемен құдық қазғандай» демекші, келешек жас ұрпақтың саналы, білімді, толыққанды зиялы азамат болып қалыптасуы білімге деген ізденістің арқасында жүзеге асатыны белгілі. Бүгінде оқу жүйесіне тың жаңалықтар енгізе отырып, жас ұрпаққа сапалы білім беруде қаладағы Ыбырай Алтынсарин атындағы №11 орта мектептің орны бөлек.

Мектептің 60 жылдық мерекесіне арналған «Мектебім тарихымен тұр биік, ұлағатты тағылымы тұңғиық» деген тақырыппен үлкен шара өтті. Мереке барысында танымдық сағаттар, кездесулер ұйымдастырылды. Соңы салтанатты жиынға ұласып, оған облыстық мәслихат, қалалық білім бөлімі, өзге де мектеп басшылары мен өкілдері, ардагер ұстаздар, мектеп түлектері, ата-аналар қатысты.

Амангелді ИМАНҒАЗЫ,

Ы.Алтынсарин атындағы

№11 орта мектептің

ата-аналар комитеті мүшесі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз