Жарнама
Білім

Табысты елдің тірегі

Атырау облыстық білім беру басқармасының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлеріне арналған «Техникалық білім – табысты елдің тірегі» атты мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиынды облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Светлана Ертілеуова ашып, сала мамандарын құттықтады. Ол өз сөзінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің стратегиялық маңызын атап өтіп, қазіргі таңда бұл сала халықаралық стандарттарға сай жаңғырып, цифрландыру, дуалды оқыту, тәжірибеге бағытталған білім беру бағыттарымен дамып келе жатқанын айтты.

img 5293


– Бұл үдерістердің сәтті жүзеге асуы ең алдымен ұстаздардың кәсіби біліктілігі мен тәжірибесіне, сондай-ақ әлеуметтік серіктестердің қолдауына байланысты. Кәсіпорындармен және өндіріс орындарымен бірлескен жұмыс – сапалы маман даярлаудың кепілі. Осы тығыз әрі нәтижелі әріптестік үшін алғыс білдіреміз. Сондай-ақ, еңбек жолын енді бастаған жас мамандарға сәттілік тілейміз. Сіздер – білім беру жүйесінің болашағы, жаңа буын ұстаздарсыздар, — деді С.Ертілеуова.

img 5289

Мерекелік шарада сала үздіктері марапатталып, еңбектері лайықты бағаланды. Білім саласының дамуына қосқан үлестері үшін Гүлбақыт Шамұратова (Атырау аграрлы-техникалық колледжі), Шалқар Қасымов (Қызылқоға аграрлы техникалық колледжі), Айтбике Ищанов (Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжі) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Алғысымен марапатталды. Сондай-ақ Еркін Бозжігітов (Атырау гуманитарлық колледжі), Гүлшат Кубенова (Қызылқоға аграрлы техникалық колледжі), Төлеу Мурзагалиев (Махамбет көпбейінді ауылшаруашылық колледжі), Ақмарал Сәлімгереева (Атырау аграрлы-техникалық колледжі) министрліктің Құрмет грамотасына ие болды. Ал Махамбет Харипов (Атырау көлік және коммуникация колледжі) пен Маруся Сарбалиева (Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжі) «Техникалық және кәсіптік білім беру ісінің үздігі» Құрмет дипломымен марапатталды. Бұдан бөлек, облыс әкімдігінің Алғыс хаттары да табыс етіліп, бірқатар қызметкерлер еңбектері үшін құрметке бөленді.
Салтанатты шарада ардагер ұстаз Шәкіржан Мырзағалиев сөз сөйлеп, бірнеше буын бойы адал қызмет етіп келе жатқан педагогикалық әулеттерді марапаттады. Олардың қатарында Садуахасовтар, Козырьлер, Гаммаевтар, Кабделовтар және Мартиросьянцтар әулеттері бар. Ал С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжінің директоры Бақыт Шеркешбаева мен «АтырауПромВентиляция» ЖШС директоры Надежда Чигрина сала мамандарын құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Жиын барысында үздік оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері де марапатталып, ерекше құрметке ие болды. Іс-шара соңында өнерпаздардың өнері ұсынылып, мерекелік көңіл-күйді еселей түсті.

Алмас ҚАБДОЛ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button