ТҮЛЕКТЕРДІҢ СЫНАЛАР ШАҒЫ

Атырау политехникалық колледжі – өлкеміздегі мұнайшы мамандарын дайындайтын оқу орындарының бірі. Мұнда мұнай саласына қатысты 11 бағытта мамандар даярланады.

Әрине, маманды дайындау бар да, оған оқу орнын бітірген соң жұмыс тауып беру бүгінгі таңда өзекті мәселеге айналып отыр. Бұл ретте оқу орындарында өткізілетін түлектер жәрмеңкесінің орны бөлек. Осындай жәрмеңке аталған колледжде де өткізіліп, оған өлкеміздегі белді мұнай компанияларынан өкілдер келді. Атап айтқанда, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС, «Қазтрансойл» АҚ, «КТК» АҚ, «Казтруборемонт» сервис орталығы ЖШС және басқа да мұнай саласына қатысы бар мекемелер мен кәсіпорындар қатысты.
– Біз әрқашан да өзіміздің түлектерімізді мақтан тұтамыз. Олар өз ана тілімен қатар, орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді. Өз мамандықтары жөнінде де алған білімдері өте жоғары деуге болады. Бүгінгі шараның мақсаты еңбек нарығын зерттеу және әлеуметтік серіктестік аясында түлектерді еңбекке орналастыру болып табылады, – деді колледж директорының оқу ісі және өндірістік мәселелер жөніндегі орынбасары Мұрат Ликаров.

Диас ТАРАСҰЛЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз