«Сыңғырла, соңғы қоңырау!» (+ВИДЕО)

img 20220525 wa0024 Білім

Осындай тақырыпта Атырау облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияда салтанатты шара өтті.

Мұнда 48 түлек алтын ұяларымен, білім берген ұстаздарымен қимай қоштасуда. Басым көпшілігі – халықаралық, республикалық жарыстардың жүлдегерлері. Оларға аталған білім беру мекемесінің басшысы Нұрлыбек Дауымов оларға арман асуларынан асып, биік белестерді бағындыруға тілек білдіріп, ақ батасын берді.

Шара аясында бір топ ұстазға облыстық білім беру басқармасы әдістемелік орталығының және таланттарды анықтау орталығының Алғыс хаттары табысталды.

Айта кетейік, биыл облыс бойынша 5999 оқушы мектеп бітіруде.

Мәлике ҚУАНЫШЕВА

screenshot 20220525 113307
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз