Білім

ШЕТЕЛДІК ТАҒЫЛЫМДАМАНЫҢ ТӘЛІМІ МОЛ

Машықтанудың басты міндеті — Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін тиімді таратуды қамтамасыз ету. Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ғимаратында өткен тағылымдаманың алғашқы күні «Машықтану» деп аталған кезеңнен басталып, бес күн модуль бойынша семинарлар ұйымдастырылды. Басқарма төрайымының орынбасары С.Испусинова кіріспе сөз сөйлеп, тағылымдаманың мақсаты мен міндетіне тоқталды. Осыдан кейін Назарбаев Зияткерлік мектептерінің шетелдік мамандары Эндрю Уолден, Джон Зермани , Уейн Инглиш «Басшының кәсіби дамуы: барлық ұжымның өсуі», «Мектептің даму стратегиясын әзірлеу дағдылары» тақырыбында баяндама оқыды. Сондай-ақ, педагогикалық мамандар тағылымдамадан өту кезеңінде шетелдерде де болып, тәжірибе алмасты.

Тамара ХАМИТОВА,
№ 16 мектеп директорының ғылыми әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button