fleshmob dombristov 9

Қазақстандық зияткер оқушылар «ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ» күнін атап өтті (+ФОТО)

Білім Жаңалықтар ФОТОГАЛЕРЕЯ
9 / 100

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде Тұңғыш Президент күні дәстүрлі «Ұлы дала мұрагерлері» домбырашылар марафонымен басталды. NIS-тің барлық YouTube арналарында Құрманғазы мен Дәулеткерейдің, Нұрғиса Тілендиевтің белгілі туындылары орындалды.

Бірінші желтоқсанға Зияткерлік мектептер желісінде ауқымды бағдарлама жоспарланған. Мерекелік марафонды алғашқылардың бірі болып Өскеменде «Елбасы сүйген ел әні» бейнечелленджбен бастады, кейін эстафета Қарағандыдағы және Петропавлдағы Зияткерлік мектептерге жолданды.⠀

Оралда «Президенттің бастамалары» тақырыбындағы NIS Tallks мәжілісі өтті. Қостанайда «Елбасының кітаптары» атты виртуалды көрме әзірленуде. Қызылордадағы зияткерлік ойынға оқушылармен біргек олардың ата-аналары да қатысатын болады. Павлодарда «Замандастар жырлары» жобасы аясында дикторлар клубы көркем оқудан «Тәуелсіз елдің ұландары» байқауын ұйымдастырмақ.⠀

Талдықорғанда кездесуге Алтын домбыраның екі дүркін иегері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Жандарбек Бұлғақов шақырылды. Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектепте «Елбасы – Мәңгілік ел көшбасшысы» атты онлайн конференция өтеді.

Ал Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жас тілшілері Нұрсұлтан Назарбаевтың 80 жылдығына және Тұңғыш Президент күніне орай «Елбасы ізімен» атты деректі-танымдық телехабарларды дайындауда. Мұнда оқушылар Елбасының Тәуелсіздік жылдарында өңірге жасаған іс-сапарлары туралы репортаждар әзірлеп мемлекет басшысы іске қосқан нысандардың 10-20 жылдан кейінгі көріністерін таныстыруда.

Сондай-ақ 1 желтоқсан және Тұңғыш Президент күні мен 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай Атыраудағы Зияткерлік мектепте Елбасының өмір жолына арналған онкүндік өтіп жатыр.

Барлық Зияткерлік мектептерде «Бүгінгі шаңырақ  көшбасшылары – болашақ ел көшбасшылары» көшбасшылар форумы мен «Әлем таныған Елбасы» TEDx конференциялары, «Қазақстандық жол. Н.Назарбаев» виртуалды экскурсиялар мен «Ел тірегі – Елбасы» кітап көрмелері, «Елбасының қолтаңбасы» эссе және «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» сурет байқаулары, қайырымдылық акциялары, спорттық эстафеталар мен тимбилдингтер, «Елімнің бағы – Елбасы» атты концерттер мен өзге де шаралар жоспарланған.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ баспасөз қызметі

fleshmob dombristov 5
fleshmob dombristov 3
fleshmob dombristov 21
fleshmob dombristov 7
fleshmob dombristov 13
fleshmob dombristov 15
fleshmob dombristov 26

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған