Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
Жарнама
Білім

PISA-2025: Қазақстан мектептерінде цифрлық бағалаудың жаңа кезеңі басталды

Қазақстанда 24 қараша мен 5 желтоқсан аралығында Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының мектептерге арналған халықаралық PISA-2025 зерттеуі басталды. Биылғы зерттеудің ерекшелігі – бағалау толықтай цифрлық платформада жүргізіліп, білім беру мекемелерінің оқу сапасын талдауда заманауи технологиялар кеңінен қолданылуы. Зерттеуге еліміз бойынша 1 мыңға жуық мектеп пен 15 жасқа толған 40 мыңнан астам қазақстандық оқушы қатысады.

PISA-ның дәстүрлі бағалау бағыттары – оқу, математикалық және жаратылыстану салаларындағы функционалдық сауаттылық дағдылары электронды форматта өлшенеді. Бұл тапсырмаларды орындау процесін дәл бақылауға, өңірлер бойынша толық аналитикалық есеп әзірлеуге және деректерді автоматты түрде жинауға мүмкіндік береді. Мұны республика Оқу-ағарту министрлігі Ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің бас сарапшысы Эльмира Тұңғаратова хабарлады.

Цифрлық платформа арқылы әрбір мектепке жеке сыртқы бағалау есебі жолданады. Онда оқу орнының күшті және әлсіз тұстары, оқушылардың нәтижесіне ықпал ететін факторлар, цифрлық білім беру құралдарын қолдану деңгейі сияқты маңызды көрсеткіштер қамтылады.

Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Серік Әшіров бұл зерттеудің цифрлық талдауы мектептерді нақты деректерге сүйене отырып дамытуға жол ашатынын атап өтті.

«Мектептерге арналған PISA зерттеуі әрбір білім беру мекемесіне нақты метрикалар бойынша талдау жүргізуге мүмкіндік береді. Электронды форматтағы есептер мектептердің оқу процесін жетілдіруіне, цифрлық білім беру құралдарын тиімді енгізуіне көмектеседі», — дейді ол.

ЭЫДҰ жүргізетін «Мектептерге арналған PISA» зерттеуіне 2021–2024 жылдары еліміздегі 3 мыңнан астам білім беру мекемесі қатысқан. Қазақстандағы зерттеудің цифрлық үйлестіруін А.Байтұрсынұлы атындағы Ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы жүзеге асырады.

Зерттеу нәтижелері республика мектептерінде цифрлық білім беруді дамытуға, білім сапасын арттыруға және халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге бағытталған маңызды тетік болмақ.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button