
PETROQUIZ ойынында үздіктер анықталды
UTEBAYEV UNIVERSITY-де Мұнай-газ факультетінің студенттері арасында «Мұнай-газ геологиясы және өндірудің инженерлік технологиялары» тақырыбында PETROQUIZ интеллектуалды ойыны өтті.
Ойынға бескоманда қатысып, білімдері мен дағдыларын көрсетті. Қатысушылар мұнай-газ саласының геологиясы, өндіру технологиялары мен инженерлік шешімдері туралы сұрақтарға жауап беріп, білімдерін сынға салды.

Нәтижесінде ең көп ұпай жинаған «Мұнай-газ кен орындарын игеру және пайдалану» ТИПО-25 командасы жеңімпаз атанды.
-Бұл іс-шара студенттерге мұнай-газ саласындағы теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, заманауи инженерлік технологияларды меңгеруге мүмкіндік береді. Мұнай-газ саласы — еліміздің экономикасының негізі әрі болашағы зор бағыттардың бірі. Сондықтан да осындай интеллектуалды ойындар мен апталықтар студенттердің кәсіби дамуы үшін өте маңызды. Командалардың белсенділігі мен біліміне қарап, біздің факультет болашақ мамандарды дайындауда дұрыс бағытта екенімізді байқаймыз, — деп атап өтті Мұнай-газ факультеті деканы Райхан Сүлейменова.


