Жарнама
Білім

Оқушылар күзгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық мектептерде бірінші тоқсан аяқталуға жақын. Күзгі каникул кезеңі 27 қазанда басталып, 2 қарашаны қоса алғанда жеті күнге созылады. Бұл туралы республика Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мектеп оқушыларының күзгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары ұсынылады.

Жоспар патриотизм, әділеттілік және жауапкершілік сияқты құндылықтарды дамытуға бағытталған іс-шараларды қамтиды. Соның ішінде «Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру шеңберінде «Демалыста кітап оқимыз» іс-шарасы, «Буллингтен қорған!» қауіпсіздік сабағы мен «Мектеп театрының» жұмысын ұйымдастыру ұсынылады.

–Ең бастысы, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта ата-аналармен бірге жол-көлік жарақаттарының алдын алу іс-шараларына, мектептің ішкі тәртібін сақтау, балалардың көшеде қауіпсіздігі, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздік шараларына ерекше назар аудару қажет, — делінген ресми хабарламада.

Айта кету керек, бұл іс-шаралар білім беру мекемелеріне әдістемелік ұсыным ретінде жолданады.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Сурет: kaz.tengrinews.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button