
Оқушылар күзгі демалысқа қашан шығады?
Мектеп оқушылары санаулы күндерден соң бірінші тоқсанды аяқтап, күзгі демалысқа шығады. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, биылғы оқу жылының алғашқы тоқсаны 8 аптаға созылады. Балалар 25 қазанға дейін сабақ оқиды, ал демалыс ресми түрде 27 қазаннан басталып, 3 қарашада аяқталады. Осылайша, оқушылар бір апта бойы тынығып, екінші тоқсанға тың күшпен оралмақшы.
Биылғы оқу кестесінде мереке күндерінің орналасуына байланысты кейбір ерекшеліктер бар. 25 қазан – Республика күні мерекесі биыл сенбіге сәйкес келеді. Осыған орай, демалыс күні дүйсенбіге – 27 қазанға ауыстырылады. Бұл ретте оқушылардың демалыс кезеңі сәл ұзара түсіп, жалпы демалыс уақыты тоғыз күнге жуық болмақ.
Министрлік өкілдерінің айтуынша, мектептер мен ата-аналарға оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуге бағытталған мәдени және танымдық іс-шараларды ұйымдастыру ұсынылып отыр.
Еркеназ ҚАЛИЖАН
Сурет: Inbusiness.kz



