Оқшауланған оқушының келешегі қалай болады?

pomoshch uchenikam mladshih klassov 1 Білім

Atr. kz / 19 – ақпан. Облыста мектеп үлгісін сақтамай, сабаққа келмей жүрген оқушы жоқ. Орамал жамылғандардың саны азайды.

Бұл білікті мамандардың жүйелі жұмысының нәтижесінде жүзеге асты. Алайда, Ата заңда азаматтардың орта білім алуы міндетті екені көрсетілгенімен, оған мойынсұнбайтындар бар болып шықты.

pomoshch uchenikam mladshih klassov 1
Иллюстравтиті фото

Қашықтықтан оқыту қауіп емес пе?

Облыстық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ақкенже Исанбергенованың айтуынша, Атырау қаласындағы  №16  мектептің төрт, №10 мектептің екі оқушысы, сонымен қатар, Мақат ауданындағы С.Шарипов атындағы мектеп-интернаттың, №12 және Бесікті мектебінің шәкірттері Ресейдегі жалпы білім беретін жекеменшік мектептерге ауысып, қашықтықтан оқып жатыр.

– «Білім туралы» заңның талаптарына сәйкес, білім алушылар мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талабына сай білімді, дағдылар мен біліктілікті меңгеруі тиіс, – дейді Ақкенже Аяпбергенқызы.

Былай қарағанда, бәрі жөн секілді. Дегенмен, «қашықтықтан оқытамыз» дейтін ата-аналар тиісті талапқа теріс қарайтыны анықталды. Олар жаңа оқу орнынан қажетті құжат әкелмейді екен. Қадағалаудың, тиісті талаптың төмендігін пайдаланады. Заңдылығында мектепке бармай-ақ қашықтықтан оқыту білім алу мүмкіндігі шектеулі немесе тек ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар  үшін  ғана  қаралған. Басқа жағдайда бұл заңсыздық болып табылады. Оған оқуға рұқсат беріп, оқушылардың мектептен шығарылуы – сол оқу орындары басшыларының кемшілігі.

– Бүгінде кейбір ата-аналар балаларын қашықтықтан оқыта бастады. Менің ойымша, бұл олардың теріс пиғылынан туындаған жағдай. Заңсыздыққа жол берген ересектер заң жүзінде жауапкершілікке тартылуы қажет. Мұнда заң, құқық қорғау органдары шет қалмауы тиіс деп санаймын. Өйткені, бүгінгі бала – ертеңгі біздің болашағымыз емес пе? Ал, оған көз жұма қарасақ, алдағы күндері келеңсіз көріністер көбейе береді, – дейді облыстық дін істері басқармасының басшысы Қайрулла Көшқалиев.

Әлібек Қайыров,  облыстық ІІД жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары:

Тоғыз ата-анаға айыппұл салынды

Қазір осындай заң бұзушылыққа жол бергендер жауапкершілікке тартылып жатыр. Тоғыз оқушының алты ата-анасына (оның 5-уі Атырау қаласы, 1-уі Мақат ауданының тұрғыны) қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, материалдар сотқа жіберілуде. Оларға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің тиісті талаптары бойынша айыппұл салынады. Атап айтқанда, алғашқыда 7 айлық есептік көрсеткіш бойынша, одан қорытынды шықпаса, 20-ға ұлғайтып, кінәлі адам 15 тәулікке қамауға алынады.

Азамат БАЗАРБАЕВ.

(Толық нұсқасы «Атырау» газетінің №13 санында)

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз