Мектеп директоры қалай тағайындалады?

kommercheskiy direktor doljnostnye obyazannosti i funktsii Білім

Жаңа оқу жылынан бастап мектеп директорларын тағайындау ережесі өзгерді. Бұрын бұл лауазым иесін аудандық, қалалық білім бөлімдері басшылары тағайындайтын болса, қазір үміткерлер төрт кезеңнен тұратын конкурстан өтеді.

kommercheskiy-direktor-doljnostnye-obyazannosti-i-funktsii-800x480

Облыстық білім беру басқармасының басшысы Қайырғали Кенжеғалиевтің айтуынша, алдымен, үміткер мектептің қамқоршылық кеңесіне даму жоспарын ұсынады. Екіншіден, аудандық немесе қалалық білім бөлімінен әңгімелесуден өтсе, үшінші кезеңде педагогика мен психологияға, білім беру заңдылықтарына байланысты арнайы тест тапсырады. Төртіншіден, облыстық білім беру басқармасының келісімі үшін сұхбат жүргізіледі.

«Бұл өзгеріс білім ордалары басшыларының жауаптылығын арттыруға әсерін тигізеді. Бүгінгі білім мекемесінің басшысы басқарушы, ұйымдастырушы, барлық оқу-тәрбие жүйесін бағыттаушы болуы тиіс. Сонда ғана мектеп сапасы жоғары көрсеткіштерге жетіп, білім беру жүйесі алға басады», – деді Қ.Кенжеғалиев.

Конкурстың белгіленген талаптарынан өтіп, басшылыққа тағайындалған директордың өкілеттілік мерзімі – төрт жыл. Осы уақыт аралығында оның жасаған жұмыстарының нәтижесіне орай басшылық мерзім белгілі бір уақытқа созылуы мүмкін. Ал, әрі қарай жұмыс жасаймын десе, қайтадан конкурстан өту мүмкіндігі бар.

Алтыншаш Нәсіпқалиқызы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз