КӘСІПТІК БІЛІМНІҢ КЕМЕЛ ШАҒЫ

Биыл еліміздің кәсіптік-техникалық білім беру саласының негізі қаланғанына 75 жыл толып отыр.

 

Таяуда ғана қаламыздағы Атырау энергетика және құрылыс колледжінде өткен кеш те  осы атаулы датаға орайластырылды. Онда өңіріміздегі кәсіптік-техникалық білім беру саласының ардагерлері мен олардың қазірде еңбек етіп жүрген әріптестері бас қосты. Шараны ұйымдастырушы оқу орнының директоры Нұрғали Темірташев өзі біраз жылдан басшылық жасайтын бұрынғы №6 кәсіптік лицей, бүгінгі Атырау энергетика және құрылыс колледжінің құрылғанына да 40 жыл толғанын, сондықтан оның да жетпіс бес жылдығын тойлап отырған кәсіптік білім беру саласындағы байырғы мекемелердің бірінен саналатынын айтып, жиналғандарды қос мерекелерімен құттықтады.

Өткен тарихтан сыр шертетін бейнебаян көрсетіліп, әр жылдары осы салада, оқу орнында басшылық қызметтерде болған, жастарға тәлім-тәрбие беріп, кәсіптік білімнің әліппесін үйреткен ардагер ұстаздар естеліктерімен бөлісті. Бір сәт өмірден өткендерді үнсіздікпен еске алды.

Дәулетқали  АРУЕВ.  

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз