Жарнама
Білім

Индерге “жылжымалы зертхана” келді

Индер ауданы, Индербор кентіндегі Ш.Уәлиханов, М.Әуезов, С.Сейфуллин атындағы және «Көктем» қазақ орта мектептерінде «Caravan of Knowledge» корпоративтік қорының STEAM Tulpar мобильді зертханасы өз жұмыстарын таныстырды.

img 9913

Тегін білім беру бағдарламасы аясында оқушылар үшін қызықты интерактивті тәжірибелер мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Шара барысында балалар физика, химия, робототехника және инженерлік бағыттарда тәжірибелер жасап, ғылым әлемімен жақын танысты.

img 9916

Индер аудандық білім бөлімінің хабарлауынша, жобаның басты мақсаты – оқушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларын дамыту, шығармашылық ойлау қабілетін жетілдіру және ғылымға деген қызығушылығын арттыру.

img 9917

Іс-шара барысында қор өкілдері зертхананың мүмкіндіктері мен заманауи жабдықтарын таныстырып, тәжірибелік жұмыстар жүргізді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, STEAM Tulpar мобильді зертханасы еліміздің түрлі өңірлерін аралап, ауыл мектептеріндегі оқушыларға сапалы білімге тең қолжетімділік ұсынуды көздейді.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА



Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button