Жарнама
Білім

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті: 85 жылдық даму – жаңа дәуірдің бастауы

«Университеттер – озық ой мен жаңа идеялардың орталығы», – деген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзі бүгінгі Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің даму бағытына толық сай келеді.

38f28c27 b94f 48f2 a852 156db68b6da1

85 жылдық тарихы бар Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті бүгінде аймақтық ғана емес, халықаралық деңгейде мойындалған жоғары оқу орнына айналып отыр. Бұл туралы университеттің Басқарма төрағасы-ректоры Саламат Идрисов есепті жиында баяндады.

Университет әлемнің 91 жоғары оқу орнымен серіктестік байланыс орнатқан. 2024–2025 жылдары 42 студент пен магистрант Түркия, Польша, Франция және Өзбекстанда тағылымдамадан өтіп, 11 шетелдік профессор дәріс оқыған.

Білім ордасында Польша университеттерімен бірлесіп «Туризм және сервис», «Информатика және білім беруді ақпараттандыру» бағыттарында қос диплом бағдарламалары жүзеге асуда.

396d5e5c beca 476b b7fc 5b5e19337187

-Бүгінде университетте 78 бакалавриат, 42 магистратура және 2 докторантура бағдарламасы жұмыс істейді.

Huawei, Astana Hub, Coursera платформаларымен бірлескен жобалар аясында 8500-ден астам студент пен оқытушы халықаралық сертификат иегері атанды. Сонымен қатар AI-Sana бағдарламасы негізінде студенттер жасанды интеллект пен цифрлық кәсіпкерлік негіздерін меңгеруде, — деді университет ректоры.

0700bb50 a5fd 4014 b656 ef0a4e7da6ed

Айта кетелік, университеттің ғылыми әлеуеті – 35,5%. 2025 жылы 1,3 млрд теңге көлемінде ғылыми жобалар іске асырылып,

Erasmus+, TRIGGER және Саймон Фрезер университетімен бірлескен жобалар сәтті жүзеге асырылып, инклюзивті білім беру саласы жаңа деңгейге көтерілген.

Мәлике МӘЛІК

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button