ҰБТ-ға қатыса алмағандарға басқа күні тапсыруға мүмкіндік беріледі

320f691fb5525b78daf0e3c497f7c229 Білім

ҰБТ-ға қатыса алмағандарға басқа күні тапсыруға мүмкіндік беріледі. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

320f691fb5525b78daf0e3c497f7c229

«Ұлттық Бірыңғай тестілеуді тапсыру бойынша алдыңғы жылдары кейбір қиындықтар болғанын білесіздер. Мысалы, балаларда әртүрлі қиын жағдайлар болып қалуы мүмкін. Ауырып қалуына немесе жақындарының қайтыс болуына байланысты немесе тағы да басқа келеңсіз жағдайға, жол апатына байланысты тестілеуге қатыса алмай қалған жағдайлар болды. Осындай жағдайға тап болған түлектер амалсыздан ҰБТ-дан қалып қойып жатты.

Биыл мұндай жағдайларға ұшыраған азаматтарға Білім және ғылым министрлігі жаңа мүмкіндік беріп отыр.

«Егер сол елдімекенде ҰБТ өткізіліп жатса, онда олар тиісті құжатты тапсырып, басқа күні ҰБТ-ны тапсыруына болады. Егер сол уақытта ҰБТ бітіп қалса, онда олар кешенді тестілеу кезінде тапсыра алады. Демек, бұның бәрі мектеп түлектеріне қосымша жағдай жасау үшін істелуде», – деді Асхат Аймағамбетов.

Хорлан Смадияр

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз