Жарнама
Білім

Болашаққа бағытталған сенімді бағдар

Биылғы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауы еліміздің дамуының жаңа бағытын айқындап, әр сала мамандарына зор міндеттер жүктеді. Президент өз сөзінде білім беру жүйесін заманауи талаптарға бейімдеу, жаңа технологиялар мен цифрлық мүмкіндіктерді тиімді пайдалану мәселелеріне айрықша назар аударды. Бұл – уақыт талабынан туындаған өте өзекті бастама. Себебі бүгінгі қоғамның бәсекеге қабілеттілігі мен дамуы цифрлық сауаттылық пен ақпараттық мәдениетке тікелей байланысты.

Жолдауда айтылған идеялар білім саласында жаңа серпін беретіні анық. Әсіресе, жасанды интеллект, робототехника, киберқауіпсіздік сынды бағыттарға оқушыларды ерте баулу – еліміздің инновациялық әлеуетін арттырудың басты тетігі. Бұл бағытта тек техникалық білім берумен шектелмей, сонымен қатар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін, сыни талдау дағдыларын дамыту аса маңызды.
Президент жастардың жан-жақты дамыған, ұлтжанды, заманауи технологияны еркін меңгерген азамат болып қалыптасуы үшін жағдай жасау керектігін атап өтті. Бұл – біздің болашаққа сеніммен қарауымыздың негізі. Цифрлық дәуірде ұлттың дамуы мектептен, ал мектептің күші – ұстаздың білімі мен жауапкершілігінде.
Бүгінгі оқушы – ертеңгі инженер, бағдарламашы, ғалым, ел тағдырын шешетін тұлға. Сондықтан білім саласында тек оқыту емес, ұлттық құндылықтарды бойға сіңіру, жас ұрпақтың ақпараттық мәдениетін тәрбиелеу бағытында да жүйелі жұмыс жүргізу қажет. Президент Жолдауы жаңа мақсаттар қойып қана қоймай, сол мақсаттарға жетудің нақты жолдарын да көрсетіп берді.
Бұл үндеу – болашаққа бағытталған сенімді бағдар. Әрбір ұстаз ел мүддесін жүрегіне түйіп, өз пәні арқылы шәкіртін біліммен ғана емес, жауапкершілік пен заманауи ойлау мәдениетімен де қаруландыра білсе еліміздің келешегі кемел болары сөзсіз.

Қайыржан СИДӘЛИЕВ,
Абай атындағы орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі

Құрманғазы ауданы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button