Білім, ғылым және бизнес интеграциясы: Университеттің білім беру процесінің басты бағыты

whatsapp image 2021 10 01 at 17.41.36 Білім

Түлектердің құзыреттілігі мен еңбек нарығы талаптары арасындағы алшақтық мәселесі түрлі мінберлерде көтеріліп жүргенмен, нақты нәтижеге жету үшін жұмысты әлі де жетілдіру қажет. Оқу үдерісіне қазіргі заманғы технологияларды енгізу арқылы тәжірибеге бағдарланған кадр даярлау ісін жүзеге асыру Индустрия мен Университеттің тиімді серіктестігіне де байланысты. 

   Университетте құрылған Камқоршылық кеңесі және Индустриалды комитет жаңа оқу жылындағы кезекті отырысын өткізді. Жиынға Кеңес мүшелері, индустриядағы серіктестеріміз – аймақтағы ірі компаниялардың басшылары, еліміздегі және Ресейдегі жетекші ғылыми-академиялық құрылым өкілдері қатысты.

-Білім беру мекемелерінің қызметін ұйымдастыру әсіресе пандемия жағдайындағы университеттер үшін табиғат пен әлемдік экономикалық кеңістіктің жаңа жаһандық сын-қатерлеріне бейімделу процесін дамытуға мүмкіндік берді. Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ұжымы бұл межеден көрінді  деп білеміз, – деп атап өтті Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Айдарбеков. -2020-2021 жылдары іске асырылған халықаралық деңгейдегі жобалар мен іс-шаралар осы сөзімізге дәлел бола алады. 

📌 Жиынды С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің Индустриалды комитетінің төрағасы, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Басқарма Төрағасы, бас директоры Құрманғазы Исқазиев жүргізді. Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары С.Айдарбеков, «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Р.Тасмағамбетова, «Теңізшевройл» ЖШС бас директоры К.Лайон, NCOC Н.В. басқарушы директорының орынбасары Е.Марабаев, «КМГ Инжиниринг» ЖШС Атырау филиалы директоры Р.Өтеев, «ADAGA» ЖШС көлденең бұрғылау жөніндегі директоры Р.Исмагулов сөйледі.

  •  Қазақ ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының бірінші вице-президенті В.Школьник, Ресейдегі Новосибирск ұлттық зерттеу мемлекеттік университеті ректоры М.Федорук онлайн-байланыс арқылы жиынға қосылып, серіктестік байланысты нығайтуға мүдделі екендерін жеткізді. Айта кететін жаңалық – Университет пен осы екі тарап арасында Консорциум құру туралы үшжақты келісімге қол  қойылды. Бұл өз кезегінде ЖОО-ның ғылыми жобаларды бірлесіп жүзеге асыруына мүмкіндік беретін болады. Сонымен қатар, «Мұнай мен газ» ғылыми-техникалық журналының бас редакторы Хайырлы Әбілқасымов болашақты басылымды Университетпен бірлесіп шығару жайында айтты.

Жастар саясаты және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Қанат Оразғалиев жоғары оқу орнының үшінші миссиясы туралы баяндады және университет басшылығының бастамасымен жарық көрген «Бекет ата» кітабының ағылшын тіліндегі нұсқасымен таныстырды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз