Жарнама
Білім

Ауыл оқушылары «IQanat»-та бақ сынауда

23-31 қазан аралығында Атырау облысы бойынша жалпы білім беретін мектептердің VIII сынып оқушылары арасында «IQanat» олимпиадасының аудандық кезеңі ұйымдастырылды.

«IQanat білім қоры» қоғамдық қорымен ынтымақтастық аясында өткізілген білім бәйгесінің мақсаты – ауыл мектептерінің дарынды оқушыларын анықтап, олардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға қолдау көрсету.
Олимпиада Индер ауданында «Көктем» қазақ орта мектебі мен Б.Нысанбаев атындағы орта мектеп базасында өтті.
Қатысушыларға сәттілік тілеген Атырау облысы бойынша «IQanat» олимпиадасының үйлестірушісі Сәуле Құбашева мен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенті, «Alumni» мүшесі Бектөре Ғалымов жобаның мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы ақпарат берді.
Аудандық кезеңге 299 оқушы қатысып, математикалық сауаттылық, логикалық ойлау, оқу сауаттылығы және қазақ тілі пәндері бойынша білімдерін сынады.

Олимпиаданың нәтижелері қараша айында жарияланады.

Мәлике МӘЛІК

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button