Жарнама
Білім

Атыраулық ұстаз көшбасшылар резервіне енді

Атырау қаласындағы №41 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәні мұғалімі, директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Гүлім Анарбекқызы ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың қолынан сертификат алып, «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасының 403 үздік резервисінің қатарына енді.

Бұл жоба Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес білім беру жүйесіне жаңашылдық енгізуге қабілетті, басқарушылық әлеуеті жоғары педагогтарды анықтау мақсатында ұйымдастырылған. Гүлім Анарбекқызы осы бағдарлама арқылы білім саласындағы өзгерістерді жүзеге асыратын көшбасшылар қатарынан көрініп, маңызды жетістікке қол жеткізді.

Мектеп ұжымы атынан әріптесімізді осы абыройлы марапатымен шын жүректен құттықтаймыз. Білімі мен тәжірибесін жас мамандармен бөлісіп, шығармашылық ізденіс пен тәрбие жолындағы еңбегіне толайым табыс тілейміз.

Ақбөбек БАУЫРЖАНҚЫЗЫ, №41-мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші,
мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button