Жарнама
Білім

Атыраулық педагогтер ЖИ технологияларын игеріп жатыр

10-11 қазан күндері Атырау облысында мұғалімдерге арналған «Жасанды интеллект және цифрлық технологиялар: ілгері деңгей форумы» атты екі күндік интенсив өз жұмысын бастады. Іс-шараның мақсаты – педагогтердің цифрлық және әдістемелік құзыреттілігін арттырып, жасанды интеллект құралдарын оқу процесіне тиімді енгізу, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Интенсивке облыс бойынша 1700-ден астам мұғалім қатысуда. Бағдарлама бастауыш сынып және негізгі пәндердің 11 бағыты бойынша ұйымдастырылған.

img 5866

– Бүгінгі форум аясында жасанды интеллект бағытында алған білім мен тәжірибемізді күнделікті сабақта қолдануға мүмкіндік алдық. Оқушылардың қызығушылығын арттырып, сабақтың сапасын жаңа деңгейге көтеруге көмектесетін платформалармен жұмыс жасауды үйрендік. Бұл біздің жұмысымызды жеңілдетіп, шығармашылық еркіндікке мүмкіндік беретініне сенімдіміз, – деді ұстаз Аида Гилманова.

img 5867

Екі күнге жалғасатын форум аясында инновациялық бағыттағы мамандар тәжірибелік шеберлік сабақтарын өткізеді. Педагогтер ChatGPT, Midjourney, Gemini, GROK, Kling AI сынды генеративті жасанды интеллект құралдарын, сондай-ақ TikTok, Minecraft, Mentimeter, Curipod, LessonUP сияқты оқушылардың қызығушылығын арттыруға бағытталған заманауи платформалармен жұмыс істеуді үйренеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button