Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
Жарнама
Білім

Атыраулық педагог Халықаралық деңгейдегі кәсіби жетістікке жетті

Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің (NIS) химия пәні мұғалімі Гүлзия Бейсенбекова Таиланд Корольдігінің Кхао Яй қаласында өткен бірқатар халықаралық білім беру іс-шараларына қатысты. Атап айтқанда, ол IV Халықаралық мұғалімдер конференциясына, III Халықаралық оқушылар фестиваліне және II Халықаралық климаттық мектепке қатысып, өз тәжірибесін ортаға салды.

Ауқымды іс-шараға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Лаос ХДР, Сербия, Тәжікстан, Таиланд, Түрікменстан, Өзбекстан және Вьетнам елдерінен 120-дан астам педагог пен білім алушы жиналды. Конференция барысында климаттың өзгеруі мәселелерін білім беру бағдарламасына енгізу, сондай-ақ оқушыларды жаһандық экологиялық сын-қатерлерді жергілікті деңгейде шешуге бағыттау жолдары кеңінен талқыланды.

Халықаралық алаңда Гүлзия Сапарбекқызы ұсынған «Балалар мен жастар жобаларын дайындау стратегиясы» тақырыбындағы жұмысы үздік деп танылып, ол жеңімпаз атанды. Бұл жоба оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамытуға және олардың әлеуметтік-маңызды бастамаларға белсенді араласуына бағытталған.

Гүлзия Бейсенбекова өзінің халықаралық деңгейде жоғары бағаланған тәжірибесін қаңтар айында өтетін онлайн вебинар барысында педагогтер қауымдастығына таныстырады.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button