Жарнама
Білім

Атыраулық оқушыларға – жаңа мүмкіндік

Жұмысшы мамандықтары жылы аясында елімізде орта білім беру мекемелерінде 1000 бейіндік сынып құру жүзеге асырылса, оның 30-ы Атырау облысында ашылып отыр.

Облыстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Ләззәт Еділхан хабарлағандай, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің өндірістік оқыту шеберлері мектептерге аптасына 1 рет барып шеберлік сағаттарын сыныптан тыс іс-шара негізінде ұйымдастырады.
Бейінді сыныптарды ашудағы мақсат – мектеп оқушыларының еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарына ерте бейімделуін қамтамасыз ету, олардың кәсіби бағдарын жүйелі түрде қалыптастыру және техникалық-кәсіптік білімге қызығушылығын арттыру болып табылады.
Облыстық білім беру басқармасы оқу бөлімінің бас маманы Орынгүл Нысанбаеваның айтуынша, аймақтағы мектептерде ашылған бейінді сыныптар техникалық және гуманитарлық бағытқа арналған. Оның ішінде ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану, автоматтандыру және басқару, педагогика, заң және экономика, медицина, мұнай және газ өндіру, бұрғылаушы, ауыл шаруашылығы бағыты бар.
Бұл процеске өңірдегі 14 колледж бен 1 жұмыс беруші мекеме атсалысып отыр. Айта кетейік, бейіндік сыныптардың бағытын оқу жылы ішінде екі рет өзгертуге болады.

Мәлике МӘЛІК

Сурет: gov.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button