Жарнама
Білім

Атыраулық оқушылар халықаралық олимпиадада жүлделі орындарға ие болды

5–9 қараша аралығында Тәжікстанның астанасы Душанбеде Омар Хайям атындағы математика және информатика пәндерінен халықаралық олимпиада (KhiMIO 2025) өтті. Зияткерлік деңгейі жоғары бұл додаға Қазақстан, Ресей, Малайзия, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Беларусь және Түрікменстаннан келген командалар қатысып, білімдерін сарапқа салды.

9e8cae9c 3151 4139 a948 637f3ee9cd65

Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан атынан қатысқан сегіз оқушы жүлделі орындарға ие болды. Олардың қатарында Атырау облыстық №1 «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушылары да бар. Аталған білім ордасының оқушысы Бердібек Орынбасар математика бағыты бойынша күміс медаль жеңіп алды. Ал 7–8 сыныптар арасында өткен информатика бағыты бойынша лицейдің тағы бір оқушысы Азамат Рахимбердиев күміс жүлдегер атанды.

96699f0c 48b5 488a 8432 8fcc3067bd60

Халықаралық олимпиада жүлдегерлерін Хиуаз Доспанова атындағы халықаралық әуежайда жақындары мен мұғалімдері зор қошеметпен қарсы алды. Жас таланттарға болашағына зор сенім білдіріп, ақ тілектерін жаудырды.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Білім көкжиегін кеңейтіп, биік белестерді бағындыра берулеріне тілектеспіз!

Еркеназ ҚАЛИЖАН

Суреттерді түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button