Атырауда оқушылар тегін курстарға қабылдануда

img 20220906 wa0014 Білім

Технология, инженерия, математика ғылымдары мен өнерді біріктірген ​ STEAM курстары ​ Атырау қаласындағы Абай орталығындағы «JasSpace» кеңістігінде өтеді.

Курсқа 7-11 сыныптың оқушылары Instagram желісіндегі @aydi.kz парақшасы арқылы тіркеле алады.

«Оқушыларға Arduino, 3D модельдеу және басып шығару, экология, химия, анатомия, ағашпен жұмыс, робототехника бойынша білім беріледі. Сабақ 12 қыркүйек күні басталып, жылдың соңына дейін жалғасады. Оқушыларды онлайн форматта тіркеу жыл бойына жүре береді.

Әр курстың бірінші легіне 40 оқушыдан қабылданады. Әр лектің оқу мерзімі 1 ай. Оқушыларға кезең-кезеңімен білім беріледі» дейді жоба менеджері Салтанат Ноғайбаланова.

img 20220906 wa0012

Еске сала кетелік, STEAM курстары ​ «Шеврон» компаниясының қолдауымен «Орталық Азияның Еуразия Қоры» қоры жүзеге асырып жатқан ​ «JasSpace»: Атырау қаласының жастарын дамыту бастамасы» бағдарламасы аясында қолға алынып отыр.

Бұған дейін «JasSpace» кеңістігінде ұйымдастырылған STEAM бағытындағы жазғы бағдарламалармен  273 оқушы қамтылған болатын.

img 20220906 wa0013
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз