Жарнама
Білім

Атырауда оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшыларының республикалық форумы басталды

Іс-шара Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасы бойынша Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Абай атындағы оқушылар орталығында өтуде.

Форумның мақсаты – мектептегі өзін-өзі басқаруды дамыту, балалардың шығармашылық әлеуетін ашу және жас көшбасшылардың жағымды имиджін қалыптастыру. Сондай-ақ форум жасөспірімдердің азаматтық белсенділігін арттыруға, көшбасшылық қабілеттерін жетілдіруге және мектептегі өзін-өзі басқарудың озық тәжірибелерін таратуға бағытталған.

forum 4

Форумның республикалық кезеңіне еліміздің барлық облыстарынан және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 100 үздік қатысушы іріктеліп алынған. Олар – мектеп парламенттерінің президенттері, пікірсайысшылар, «Жер елшілері», экология мен төтенше жағдайлар саласының «министрлері», сондай-ақ мектеп баспасөз қызметінің белсенді мүшелері. Қатысушылардың жасы – 15–17 жас аралығында.

Бағдарлама барысында шеберлік сабақтары, тренингтер, тақырыптық және диалогтық алаңдар, зияткерлік «Quiz» ойыны, жастарға арналған «Лидер-party» кеші және Атырау облысының танымал тұлғалары қатысатын «Табыстың жолы» атты мотивациялық Talk-шоу ұйымдастырылған.

forum 2

Сондай-ақ жас көшбасшылар өңірдің мәдени және тарихи орындарымен танысады. Олар «Хан ордалы Сарайшық» музей-кешеніне, облыстық тарихи-өлкетану мұражайына, ретро-паркке және қаланың орталық жағалауына экскурсия жасайды.

Форум барысында қатысушылар көшбасшылық пен креативтілікті дамыту, экологиялық жобалар мен мектептегі кәсіпкерлік, пікірсайыс мәдениеті, медиа құралдарының рөлі сияқты тақырыптарды талқылайды. Сонымен қатар «Табысқа апаратын жол: әрекет уақыты!», «Эмоциялық көшбасшылық», «Өзіңізді және командаңызды қалай шабыттандыруға болады?» секілді тақырыптарда пікір алмасады.

forum

Екі күнге жалғасатын бұл форум – еліміздің белсенді жас буыны үшін тәжірибе алмасудың, өзара серіктестік пен жаңа идеялар ұсынудың тиімді алаңы. Іс-шара қорытындысында барлық қатысушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталады.

Мәлике МӘЛІК,
суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button