АТЫРАУДА МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ТЕСТІЛЕУІН «АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» БАҚЫЛАЙДЫ

img 20210804 wa0009 Білім

Биылғы 20 шілде мен 5 тамыз аралығында магистратураға түсу үшін Атырау облысында компьютерлік форматта кешенді тестілеу өткізілуде.

Кешенді тестілеуге сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және парасаттылық құндылықтарын сіңіру мақсатында  «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі қоғамдық бақылаушы ретінде қатысып, тестілеудің өту барысына мониторинг жүргізуде.

Магистратураға тестілеуге қатысуға облыс бойынша 749 азамат өтініш білдірген. Ағымдағы жылдың 20 шілдесі мен 2 тамызын қоса алғанда тестілеуге қатысу керек 482 адамның 387-сі ғана тестілеуге қатысты. Келмеген адам саны 95-ті құраса, тыйым салған заттарды қолданғаны үшін 3 адам тестілеу залынан шығарылды.

img 20210804 wa0011

Тестілеудің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету бағытында «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің арнайы мониторингтік топ мүшелері қатысушылардың тестілеу залдарына талапқа сәйкес жіберілуін қадағалап, тестілеу процесін залдарда орнатылған бейнекамералар арқылы онлайн режимде бақылауда.

Сонымен қатар, жобалық кеңсемен жүргізілген мониторинг кезінде тыйым салынған заттарды пайдалану фактілерін анықтау және жалған адамдардың қатысуын болдырмау, қандай да бір «уағдаластыққа» жол бермеу жұмыстары жүргізілуде.

img 20210804 wa0010
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз