Атырауда 8 мектеп салынып жатыр

whatsapp image 2021 11 19 at 15.50.25 1 Білім

Ағымдағы жылы 2 мектептің құрылысы аяқталып,  8 мектептің құрылысы жүргізілуде, оның ішінде 1 мектепті жыл соңына дейін аяқтау күтілуде, деп хабарлайды atr.kz

Бұл туралы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді.

«Бұдан бөлек, 2 мектепке 430 орындық жалғама құрылысы жүргізілуде, оның біреуі жыл соңына дейін аяқталады.

Сондай-ақ, өткен жылы облыста мұғалімдер саны 330 маманға артты. Мектептерді білікті ұстаздармен  қамтамасыз ету үшін қажетті мамандарды даярлауға жергілікті бюджеттен 405 грант бөлінді.

Айта кету керек, облыста Назарбаев зияткерлік мектебімен бірігіп, орта білім беру сапасын арттыру бойынша жұмыстар да жалғасуда. Биыл жоғары сынып оқушыларына арналған «ZIYATKER» облыстық мектебі ашылды», деді облыс әкімі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз