Атырау облысының әкімі озат оқушылармен кездесті

a6d400f4 bc6e 43ac 9b9a 80e26ca24527 Білім

«Еркін форматтағы кездесу Абай орталығында өтті. Бұл туралы аймақ басшысы «Фейсбук» желісіндегі парақшасында жазды» деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Тәуелсіздікке 30 жыл: Мәңгілік елдің дарынды ұландары» атты кездесуге қатысқан әр оқушының өзіндік жетістігі бар. Олар жас та болса халықаралық және республикалық олимпиадалар мен конкурстардың жүлдегерлері.

f9be28d5 733f 4da4 b1ad 29038f49570e


«Индер ауданынан келген Қахарман Шерхан атты оқушы өзі құрастырған ұшағын көрсетті.

Әр оқушының көзінен білуге, үйренуге деген от пен білім-ғылымға деген үлкен құлшыныс пен құштарлықты көрдім. Біздің де басты мақсатымыз — «жанам» деген жастарға жағдай жасау.

Келешегіміз кемел болу үшін — өңірдің білім саласын дамытуға айрықша ден қоюдамыз.

Биыл білім сапасын арттырудың үш жылдық «Жол картасын» әзірледік. Оны Н.Назарбаев зияткерлік мектебімен бірлесе жүзеге асырып жатырмыз. Сондай-ақ былтыр облыстық Білім беру басқармасының жанынан Таланттарды анықтау және қолдау орталығын құрдық.

2d9d1347 68c1 4d21 88ef 2595dcd54b53

Бұл бағыттағы жұмыстарды бір сәт те тоқтатпаймыз. Білім-білігі мықты жастарымыз көп болсын» деп жазды Атырау облысының әкімі Фейсбук желісіндегі парақшасында.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз