Жарнама
Білім

Атырау мектептері AmanSultan цифрлық білім жүйесіне қосылды

Облыс бойынша 191 мектептің мұғалімі мен 50 мектептің оқушысы еліміздегі жетекші цифрлық білім беру платформаларының бірі – AmanSultan жүйесіне қосылып, білім көрсеткішін заманауи деңгейге көтеріп отыр, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникация қызметі.

Платформада орта мектеп пәндері бойынша 2000-нан аса анимациялық бейнеролик, 1500-ден астам интерактивті сабақ, сондай-ақ физика, химия, биология пәндеріне арналған 50-ден астам жаттығу құралы, 30 мыңнан аса интерактивті тапсырма және 5-11 сыныптар арасында функционалдық сауаттылықты дамыту тренажеры бар.

img 9983

-Платформада ҚР ОАМ сарапшылары әзірлеген 4-ші және 9 сыныптарға арналған МОДО тренажеры бар. «МОДО — 2025» жаңа әдістемесіне сәйкес 460 тапсырма әзірленген. Бұл — Қазақстанда алғаш рет және Amansultan-да ғана жасалған дайындық тапсырмалары. Сондай-ақ платформаны қолданушы педагогтерге арналған аттестацияға жарамды біліктілік арттыру курстары бар, — деді облыстық білім беру басқармасының бөлім басшысы Айнагүл Жұмағазиева.

img 9982

Жүйеде жалпы 7 мыңнан астам мұғалім мен 90 мыңға жуық оқушы тіркеліп, платформаны белсенді түрде қолдануда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button