Атырау облысында 154 жас түлек «Алтын белгі» иегері атанды

whatsapp image 2018 06 16 at 10.17.24 165465 Білім

Атырау облысында биыл 154 жас түлек «Алтын белгі» иегері атанды. Сонымен қатар, 95 түлек мектепті «Үздік аттестатқа» бітірді, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

whatsapp-image-2018-06-16-at-10.17.24-(1)65465

Атырауда «Дарынды ұрпақ – ел болашағы» V облыстық форумы өткізілді. Шараға қаладағы жəне облыстық жалпы білім беретін мектептерден 2500 түлек қатысты.

Мектеп бітіруші түлектерді Атырау облысының əкімі Нұрлан Ноғаев құтықтады. Аймақ басшысы 11 жыл ұстаздар мен ата-анадан алынған білімнің арқасында жаңа өмірге қадам басып, дұрыс мамандық таңдауда қолдануда өзінің сенімділігін жеткізді.

ұл мектептер мен басқа да оқу орындарында берілетін білім. Сондай-ақ, ата-аналардың өмір бойы баласына деген барлық қаражатын салады. Бүгін тек мектептер ғана емес, сонымен қатар жоғары оқу орындарында сапалы білім алуға барлық жағдай жасалған. Атырау облысында екінші жыл жергілікті бюджеттен студенттерді оқытуға грант бөлінетін болады. Біз Қазақстанның жаңа буынына сапалы жəне жоғары білім алулары үшін біздің тараптан барлық жағдай жасап жатырмыз, – деді Нұрлан Ноғаев.

whatsapp-image-2018-06-16-at-10.17.24-(2)

Форум аясында Атырау облысының əкімі «Алтын белгі» мен«Үздік аттестат» иегерлеріне құжаттарын табыстады. Сондай-ақ, халықаралық, республикалық олимпиадалар, ғылыми жобалар сайыстарының, әр түрлі білім, өнер додаларының 17 жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне облыс әкімі атынан сыйылықтар табыс етілді.

Форум соңында мектеп түлектері облыс әкімімен естелік фотосуретке түсіп, концерттік бағдарламамен жалғасып, мерекелік от шашумен аяқталды.

whatsapp-image-2018-06-16-at-10.17.23-(1)

Айта кетейік, облыс бойынша 51 оқушы мектеп бітіріп, олардың 3935 оқушы ҰБТ қатысады. Оқу жылының қорытындысы бойынша 154 мектеп бітіруші «Алтын белгіге», 95 оқушы «Үздік аттестат» иегерлері атанды.

 

 

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз