Жарнама
Білім

Ардагер ұстаздарға құрмет

Ұстаз – адам өміріне түзу жол сілтейтін, ұлт болашағын тәрбиелейтін ұлы тұлға. Білімнің шырағын жағып, шәкірт жүрегіне жол таба білген білім саласы ардагерлеріне арналған марапаттау рәсімі өтті.

ustaz 2

Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов ардагер ұстаздарды жылы лебізбен құттықтап, олардың қажымас еңбегі мен қоғамдағы рөліне ерекше тоқталды.

– Ардақты ардагер ұстаздар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын. Ұстаз – ұлағатты есім. Адам баласын білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беріп, асыл қасиеттерді бойына дарытуда, бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі орасан. Білім сапасын арттыруға, кәсіби шеберлікті нығайтуға, мұғалімдердің әлеуметтік мәртебесін көтеруге қосқан үлестеріңіз елеулі. Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!-деді Д.Шамұратов.

ustaz 4

Марапаттау рәсімінде білім саласында көп жылдар еңбек еткен ардагер ұстаздар ерекше құрметке ие болды. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен он ұстаз марапатталды. Сондай-ақ, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі «Еңбек ардагері» медаліне Темірбек Әшен лайық деп танылды. ҚР Оқу-ағарту министрінің «Ұстазға алғыс» құттықтау хаты Биғайша Жолмұхановаға табысталды.

ustaz 5

«Еңбек ардагері» медалін өңіріне таққан ардагер ұстаздардың бірі – Зәмзагүл Өтешова. Ол Индер ауданындағы М. Әуезов атындағы орта мектепте 45 жыл бастауыш сыныпқа сабақ беріп, еңбек демалысына шыққан.

– Бұл мен үшін үлкен абырой. Шәкірттерім әртүрлі салада қызмет істеп жүр. Еңбегіміздің бағаланғаны — үлкен қуаныш, — деді ол.

Мерекелік шара барысында Д.Нұрпейісова атындағы музыка колледжінің студенттері ән айтып, ұстаздарға қошемет көрсетті.

Еркеназ ҚАЛИЖАН

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button