Ақпараттық сауаттылыққа арналған бірінші онлайн фестиваль Атырауда өтеді!

image 34 Білім

26 маусымда Атырау облысында MediaLitFest медиа және ақпараттық сауаттылыққа арналған бірінші онлайн фестиваль өткізіледі.

Фестиваль ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасының Психология, бизнес және медиа қауымдастығы.Қазіргі қоғамдағы медиасауаттылықты арттыру қажеттілігі бар екендігін ескерсек, бұл жоба өзекті екендігі рас. Медиасауаттылықтың жоқтығы ақпаратты тұтыну барысында ақпараттық теңгерімсіздікті тудырады: сананы улау, қауесеттерге сендіру, жалған ақпарат тарату, адамдардың фактіге сүйенген деректер мен ақпарат көзін таба алмау және т. б.

Карантин жағдайында көптеген адам интернет-ресурсты білім алуға, ақпарат алуға, ойын ойнау сияқты ресурс ретінде пайдаланды. Алайда интернетте контент жасау мен оны орналастырудың жаппай қолжетімділігі оның сапасы мен шынайлығына кепілдік бермейді. Сондықтан ақпарат ағындарын басқару, оған бейімделу және өзіне қажетсіз ақпараттардан аулақ болу білігі сынды медиасауаттылық мәселелері бүгінгі қоғамның алдында тұрған маңызды қажеттіліктердің бірі.

Фестиваль аясында кітапхана саласының қызметкерлеріне, педагогтерге, бизнес пен ҮЕҰ өкілдеріне, студенттер мен оқытушыларға, мұғалімдер мен жоғары сынып оқушыларына, зейнеткерлерге, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне медиасауаттылық, агрессивті заманауи ақпараттық ортада өзін өзі ұстау қағидалары, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратылатын теріс ақпаратты жариялаудың ҚР заңнамасында көрсетілген шектеулері,жеке аккаунттар мен пабликтерде сапалы контент жасауға көмектесетін цифрлық дағдылар және т.б тақырыптар ұсынылады.

Фестиваль 2021 жылғы 26 маусымда сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін (бағдарлама қоса беріледі) Zoom алаңында өтеді.

Қатысушылар https://docs.google.com/…/1FAIpQLSd2WFD8…/viewform?… сілтемесі бойынша тіркеле алады.

Фестивальдің Атырау облысы бойынша координаторы: Мәншүк Мұқашева (+7 701 710 6376)

195874626 340692687475191 4720812702718069302 n
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз